Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 3-1 тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 24 қарашадағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 49-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Шымкент қ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауралар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Түркістан облысы бойынша филиалының Шымкент қалалық бөлімшесінің сынақ орталығының 15.04.2021 жылы берілген № KZ.T.16.1095 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «017 КО ТР» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1510-ОД 28.11.2023 Аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

