«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Абай облысы Семей қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 24 шілдедегі № 1012-26-00-3/3834 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына (БСН 230141034051) берілген 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № KZ.T.17.2799 аккредиттеу аттестатына сәйкес, КО ТР 007/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» сәйкес жеңіл өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлігіндегі аккредиттеу саласына сәйкес өнімді сынау бойынша лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін 2026 жылғы 24 шілдеден 2027 жылғы 24 қаңтарға дейінгі мерзімге 6 айға тоқтата тұру туралы мәліметтерді енгізсінтоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

