«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 6 қазаннан қайта аккредиттеу туралы шешім қабылданған күнге дейін, бірақ 2027 жылғы 6 қаңтардан кешіктірмей ұзартылсын:
1) Ақтау қ., «Маңғыстау атомдық энергетикалық комбинаты» ЖШС Дистиллят және өнеркәсіптік жылу-сумен жабдықтау өндіру зауытының № 2 цехы өндірісін химиялық-бактериологиялық бақылау сынақ зертханасының № KZ.T.13.E0581 аккредиттеу аттестаты;
2) Қостанай қ., «Baltic Control KZ Сertification» /Балтик Контрол КЗ Сертификейшн/ ЖШС филиалы сынақ зертханасының № KZ.T.11.E0573 аккредиттеу аттестаты;
3) Өскемен қ., «КРАМДС-IMT» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.07.E0576 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 06 қазаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Бұйрық № 1505-ОД 07.10.2026 ж. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

