Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 3-1 тармақшасына сәйкес және 2024 жылғы 19 қарашадағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 71-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі ұйымдардың жылжымалы мобильді сынақ зертханаларының аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын:
1) Қызылорда қ., «ALEM STANDART-1» ЖШС жылжымалы сынақ зертханасының 15.01.2024 жылы берілген № KZ.T.12.2627 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., «Certauto» ЖШС сынақ зертханасының 10.10.2023 жылы берілген № KZ.T.02.2589 аккредиттеу аттестаты;
3) Алматы облысы, Іле ауданы, Ашибұлақ а/о, Мұхамеджан Түймебаев ауылы, «CertMaster» ЖШС-ң мобильді сынақ зертханасының 15.01.2024 жылы берілген № KZ.T.04.2626 аккредиттеу аттестаты;
4) Алматы облысы, Қарасай ауданы, Иргелі ауылдық округі, Кемертоған ауылы, «Казтест-Алматы» ЖШС сынақ зертханасының 11.07.2022 жылы берілген № KZ.T.04.E1165 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

