Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комисиясының 2021 жылғы 05 ақпандағы № 21-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1 Алматы қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының 2019 жылғы 01 шілдеде берілген № KZ.Q.01.0318 (№1 қосымшасымен) Алматы филиалының қызметі бөлігі бойынша аккредиттеу аттестаты қайты жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

