Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына сәйкес және 2024 жылғы 19 қарашадағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 71-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі ұйымдардың сынақ зертханаларының аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын:
1) Шымкент қ., «Көлік сынақ зертханасы» ЖШС сынақ зертханасының 15.07.2022 жылы берілген № KZ.T.16.E1185 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы облысы, Іле ауданы, Казциков ауылдық округі, Казцик ауылы, «АманСерт» ЖШС сынақ зертханасының 20.06.2023 жылы берілген KZ.T.04.2538 аккредиттеу аттестаты;
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

