«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 18 қарашадан 2025 жылғы 18 акпанға дейін ұзартылсын:
1) Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Астана су арнасы» МКК канализациялық тазартқыш құрылыстарының аналитикалық зертханасының № KZ.T.01.1520 аккредиттеу аттестаты;
2) Павлодар қ., «CONTRUST KZ» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.14.2280 аккредиттеу аттестаты;
3) Астана қ., «Фирма «Жаңабет» ЖШС сынақ орталығының № KZ.T.01.0626 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру департаменті осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары А. Хасеновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

