Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 11 қарашадағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 705 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «KAZ-Certificate» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
2) Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ филиалының сынақ зертханасы, Көкшетау қ.;
3) «Service engineering group» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
4) «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Қостанай қ.;
5) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалының калибрлеу зертханасы, Ақтөбе қ.;
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Текс» ЖШС-ң өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органына,
Алматы қ.;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК сынақ орталығына, Нұр-Сұлтан қ.;
3) Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК салыстырып тексеру зертханасына,
Нұр-Сұлтан қ.
4) «Қазэнерго Стандарт «ҰО» ЖШС-ң тексеру зертханасына, Алматы қ.
3. Мекенжай атауының өзгеруіне байланысты «Семей Май зауыты» ЖШС-ң сынақ зертханасына, Семей қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Атауының өзгеруіне байланысты «Жүйе» Өңірлік Ғылыми-Практикалық орталығы» ЖШС-ң менеджмент жүйелерін сертификаттау жөніндегі органына, Павлодар қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
6. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

