«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы сынақ зертханасының 2021 жылғы 26 қаңтардағы № KZ.T.02.0681 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 26 қаңтардан 2026 жылғы 26 сәуірге дейін ұзартылсын.
2. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 3 ақпаннан 2026 жылғы 3 мамырға дейін ұзартылсын:
1) Өскемен қ., «Үлбі металлургия зауыты» АҚ салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.07.0023 аккредиттеу аттестаты;
2) Өскемен қ., «Үлбі металлургия зауыты» АҚ калибрлеу зертханасының № KZ.K.07.1104 аккредиттеу аттестаты;
3) Алматы қ., «КАЗЭКСПОАУДИТ» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау органының № KZ.Q.02.0940 аккредиттеу аттестаты;
4) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалы сынақ зертханасының № KZ.Т.02.2415 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 26 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

