«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау департаменті аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін 14.06.2021 жылғы № KZ.T.10.E0302 «Центргеоланалит» ЖШС сынақ орталығының 2025 жылғы 29 сәуірге дейін, «Құрылыс және жол материалдары (6.10)» саласында.
2. Тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары А. М. Хасеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

