Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес және 2024 жылғы 13 қарашадағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 70-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., Денсаулық сақтау басқармасының «Изатима Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК-ң орталықтандырылған зертханасының медициналық зертханасының 09.02.2021 жылы берілген № KZ.M.02.2419 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

