Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22-баптарына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссия отырысының 2025 жылғы 07 қарашадағы №351 хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
1) «Республикалық атмосфералық ауаны қорғау ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС экологиялық мониторингтің жылжымалы сынақ орталығы, 1. Атырау қ.; 2. (кеңейтілетін сала бойынша нақты мекенжайы): Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз мұнай кен орны, ТШО өнеркәсіптік базасын пайдалану және техникалық қызмет көрсету учаскесі;
2) Астана қ., «MEDILAB IMMUN.KZ» ЖШС медициналық зертханасы.
2. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
1) Шымкент қ., «Көлік сынақ зертханасы» ЖШС сынақ зертханасы;
2) Ақтау қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Маңғыстау филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
3. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
1) «Казахстанский центр сертификации на железнодорожном транспорте» ЖШС өнімнің сәйкестігін растау органы, жаңа заңды және нақты мекенжайы: Астана қ., Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 30А ғимарат, н.п. 8;
2) Атырау қаласындағы «Aktobe Gas Innovations» ЖШС филиалының салыстырып тексеру зертханасы, жаңа нақты мекенжайы: Атырау облысы, Атырау қ., Алмалы даңғылы, 2Б ғимарат, 4 кеңсе.
4. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін: «АтырауСпецТрансСервис» ЖШС сынақ зертханасынан «АтырауСпецТрансСервис» ЖШС сынақ зертханасына (стационарлық және жылжымалы), Атырау қ.
5. «ҰАО» РМК Мониторинг және талдау басқармасы тиісті ақпаратты Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
6. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК интернет-ресурсында орналастырсын.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары М.О. Мамбетаевқа жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

