Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 22 бабының 7 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2024 жылғы қараша айының 13 күнгі № 288 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1 Алматы қ., Денсаулық сақтау басқармасының «Изатима Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК-ң орталықтандырылған зертханасының медициналық зертханасының аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуден бас тартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Е. Ж. Қарасаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

