Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 3 ақпандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 66 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO / IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін түрлі органдардың жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес инспекциялық орган «Центр Безопасности Ltd» ЖШС, Ақтөбе қаласы аккредиттелсін;
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттелсін:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары:
«Safety Survey Control» ЖШС сынақ зертханасы, Өскемен қаласы;
«ЮГ Сервис Профи» ЖШС сынақ зертханасы, Шымкент қаласы;
«Zertec» ЖШС сынақ зертханасы, Нұр-сұлтан қаласы;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК Жамбыл облыстық филиалының санитарлық-гигиеналық зерттеулердің сынақ зертханасы, Тараз қаласы;
«Қамқор Вагон» Қарағанды вагон жөндеу депосы» ЖШС филиалының бұзбай бақылау цехының сынақ зертханасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы;
«КИОС» ЖШС сынақ зертханасы, Батыс Казахстан обласы, Ақсай қ.;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалының сынақ орталығы, Көкшетау қаласы;
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Нұрқазған байыту фабрикасының химиялық зертханасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы;
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ электр станциясының жылу-механикалық жабдығын баптау және сынау цехының талдау-өлшеу зертханасы, Ақсу қаласы;
«Қамқор Вагон» Қазалы вагон жөндеу депосы» ЖШС филиалының бұзбайтын бақылау цехы (сынақ зертханасы), Қызылорда облысы, Қазалы ауданы;
2.2 Келесі ұйымдардың тексеру зертханалары:
«Доступный сервис» ЖШС тексеру зертханасы, Нұр-сұлтан қаласы;
«Алаугаз» іске қосу-жөндеу басқармасы» ЖШС тексеру зертханасы, Алматы қаласы;
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатын қайта ресімделсін:
3.1. Семей қаласындағы «ҚАЗАҚАЛТЫН Тау-кен металлургиялық концерні» АҚ Шығыс Қазақстан филиалының сынақ зертханасының қайта құрылуына байланысты;
3.2. «ТЕКС» ЖШС сынақ орталығын аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты, Алматы қ.;
3.3 Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
«Атырау сертификаттау сынақ компаниясы - Строй материал» ЖШС сынақ зертханасы, Атырау қаласы;
«Евротехсервис К» ЖШС зертханалық-талдау орталығы, Қарағанды қаласы;
«Ақтөбе метрологиялық орталығы» ЖШС тексеру зертханасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы;
3.4 ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартының жаңа нұсқасына көшуге байланысты:
«Менеджмент базасы 2008» ЖШС сынақ зертханасы, Шымкент қаласы;
«GRWorld»(ГРВорлд)» ЖШС сынақ-мобильді зертханасы, Нұр-сұлтан қаласы;
3.5 Аккредиттеу субъектісі атауының өзгеруіне байланысты:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» РМК филиалының сынақ зертханасы/ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ зертханасына;
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Нұр-сұлтан қаласы бойынша филиалының сынақ зертханасы / «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Нұр-сұлтан қаласы бойынша филиалының сынақ зертханасына;
3.6 Мекен-жайының өзгеруіне байланысты:
«КазПромБезопасность ПВ» ЖШС сынақ зертханасы, Павлодар қаласы;
«Компания Ахмет» ЖШС сынақ құрылыс зертханасы Шымкент қаласы.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталыгы) құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы бұйрықтың 1,2 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
5. Ұлттык аккредиттеу орталыгы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 148-ОД 09.02.2022 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

