Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының
5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Солтүстік-Қазақстан филиалы «МЫРЗА-ХАН» ЖШС медициналық зертханасының 26.07.2023 жылғы № KZ.M.15.2013 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «Диагностика KST-2012» ЖШС сынақ зертханасының 23.12.2022 жылғы № KZ.T.11.E1475 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. Шығыс-Қазақстан филиалы «Казахалтын» ЖШС сынақ зертханасының 30.06.2021 жылғы № KZ.T.07.E0378 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
4. Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментіне үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
5. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары А. М. Хасеновке жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

