Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комисиясының 2022 жылғы қараша айының 08 күнгі № 13-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Oilsert International» ЖШС-ң өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2019 жылдың 26 шілдесінде берілген №KZ.О.02.0441 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының газ және оны қайта өңдеу өнімдері бойынша бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» РМҚ-ның талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» РМҚ-ның веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

