Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2026 жылғы 02 ақпандағы № 2-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын:
- ТР ТС 018/2011;
- ТР ТС 017/2011,
- тағамдық өнімдердегі антибиотиктерді анықтау, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалы Сынақ орталығының 2020 жылғы 18 қарашадағы № KZ.T.05.0075 аккредиттеу аттестатына қосымша болып табылады.
2.«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3.«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияның хатшылығы аккредиттеу аттестатының күшін жою туралы шешімнің көшірмесін аккредиттеу субъектісіне жіберсін.
5. Осы бұйрықтың 2 және 3-тармақтарының орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары А. Мамбетаевқа, 4-тармағының орындалуын бақылау аппарат басшысы М. Копабаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

