Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 49 хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК Бас директордың м.а. «Аккредиттеу, аккредиттеу аттестаттарын қайта ресімдеу туралы» 2026 жылғы 28 тамыздағы № 1283-ОД бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«5) Алматы қ., Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының салыстырып тексеру зертханасы».
2. «ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы aккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3. «ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

