Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 48 хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК Бас директордың м.а. «Аккредиттеу, аккредиттеу аттестаттарын қайта ресімдеу, аккредиттеу саласының уақытша жарамсыз деп танылған бөлігін қайта жаңғырту, сондай-ақ ЕАЭО сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіне енгізу туралы» 2026 жылғы 2 қыркүйектегі № 1301-ОД бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) Қарағанды қ., Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қ., «Kamkor Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестінінің сынақ зертханасы;».
2. «ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы aккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3. «ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

