Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 47 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін және ЕАЭО сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне енгізілсін:
1) Абай облысы, Жарма ауданы, Шар қаласы; Абай облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, «Kamkor Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
2) Атырау қ., «ECO AIR» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
3) Алматы қ., «Қазақстан-Британ техникалық университеті» акционерлік қоғамының баламалы энергетика және нанотехнология зертханасы;
4) Өскемен қ., Алтай қ., Риддер қ., «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сертификаттық сынақтар орталығы;
5) Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылдық округі, «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Атырау мұнай құбыры басқармасының техникалық диагностика және бақылау зертханасы
6) Шымкент қ., «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің сынақ зертханасы;
7) Ақсу қ., «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» акционерлік қоғамының қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік санитария зертханасы;
8) Өскемен қ., «Қамқор Вагон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Өскемен вагон жөндеу депосы» филиалының бұзбай бақылау зертханасы;
9) Астана қ., «KazMedServiceGroup» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасы;
10) Ақтөбе қ., «АК Метролог» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасы.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Ақтөбе қ., «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» акцинерлік қоғамының қоршаған ортаны қорғау зертханасының 13.06.2025 жылғы № KZ.T.05.0916 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
3. Келесі акредиттелген субьектілерінің аккредиттеу салаларының қысқаруына байланысты:
1) Астана қ., «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің сынақ зертханасының 07.03.2025 жылғы № KZ.T.01.2301,
2) Алматы қ., «Radio Wave Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасының 13.10.2022 жылғы № KZ.T.02.E1346,
3) Орал қ., «HSE service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мобильді сынақ зертханасының 19.03.2025 жылғы № KZ.T.09.2284,
4) Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қ., Алтай қ., Өскемен қ., «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің цифрлық технологиялар және сервис кешенінің салыстырып тексеру зертханасының 21.10.2024 жылғы № KZ.P.07.2250,
5) Павлодар қ., «Павлодар мұнайхимия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасының 01.08.2024 жылғы № KZ.P.14.2736,
6) Атырау қ., «Теңіз арыстаны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органының 15.11.2021 жылғы № KZ.S.06.E0646 аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін.
4. Келесі акредиттелген субьектілерінің орналасқан жерлерінің өзгеруіне байланысты:
1) Астана қ., Сафуан Шаймерденов көшесі, 4/3 үй, 9, жаңа нақты және заңды мекенжайына ауысуына байланысты «StroyLab2020» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасының 08.02.2023 жылғы № KZ.T.01.2465,
2) Қарағанды қ., Мұқанов көшесі, 78/3 үй, 4 тұрғын емес үй-жай, жаңа нақты мекенжайына ауысуына байланысты «Алпамыс-СК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасының 24.05.2023 жылғы № KZ.P.10.1361,
3) Атырау қ., Ғ. Берғалиев көшесі, 39А құрылыс (лаб.ООИ) , жаңа нақты мекенжайына ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау облысы бойынша филиалының медициналық зертханасының 06.12.2024 жылғы № KZ.M.06.2257 аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін.
5. «MTES-SERT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің стационарлық-жылжымалы сынақ зертханасының атауы «MTES-SERT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы жаңа атауына өзгеруіне және орналасқан жерінің Алматы облысы, Өтеген Батыр ауылы, Гагарин көшесі, 4а/1үй жаңа нақты мекенжайына өзгеруіне байланысты, 01.08.2024 жылғы № KZ.T.13.2739 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
6. «ҰАО» РМК-ның Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен постаккредиттеу шарттарын жасасын.
7. «ҰАО» РМК-ның Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
8. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 6-тармағын аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа, 7 және 8 - тармақтарының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
10. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

