«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі сотының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 7120-25-00-3/29428, Астана қаласы Сотының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі №7199-25-3а/1107 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы «Астанинский весовой завод» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2024 жылғы 05 қарашадағы №KZ.P.01.2209 аккредиттеу аттестатының қолданылуын 2026 жылғы 17 наурызға дейін тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

