Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 7 қарашадағы № 51-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қызылорда қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалы салыстырып тексеру зертханасының 2024 жылғы 29 наурыздағы № KZ.P.12.0234 аккредиттеу аттестатына қосымша болып табылатын «10 өлшем түрі» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3.«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияның хатшылығы аккредиттеу аттестатының күшін жою туралы шешімнің көшірмесін жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектісіне жіберсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК Бас директорының орынбасары А.О. Мамбетаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

