Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2023 жылғы қараша айының 17 күнгі № 20-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық округі, Кемертоған ауылы «ТрансАвтоАлматы» ЖШС-ң сынақ зертханасының 17.04.2023 жылы берілген № KZ.T.04.2506 аккредиттеу аттестатын қайта жаңартудан бас тартылсын.
2. Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті интернет-ресурсына тиісті ақпаратты орналастырсын.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1460-ОД 17.11.2023 Аккредиттеу аттестатын қайта жаңартудан бас тарту туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

