Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 6 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ «Батыс электр желілері аралық» филиалы салыстырып тексеру зертханасының 2022 жылғы 09 желтоқсандағы № KZ.P.06.Е1439 аккредиттеу аттестаты қайта жаңартылсын.
2.«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3.«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың 2 және 3-тармақтарының орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары А. Мамбетаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

