«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2023 жылғы 16 қарашадан 2024 жылғы 16 ақпанға дейін ұзартылсын:
1) Павлодар қаласы, «Incom company» ЖШС бұзбай бақылау зертханасының № KZ.T.14.2161 аккредиттеу аттестаты;
2) Қостанай облысы, «Транс-Тахограф KST» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.11.1446 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

