Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 13 қарашадағы № 313 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың медициналық зертханалары аккредиттелсін:
1) Орал қ., Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК клиникалық-диагностикалық зертханасының медициналық зертханасы;
2) Ақтау қ., «КДЛ ОЛИМП» ЖШС-ң Маңғыстау филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасының медициналық зертханасы.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Алматы қ., «AutoStart» ЖШС-ң сынақ зертханасы және мобильді зертханасы;
2) Қарағанды облысы, Приозерск қ., «Ер-Тай» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3) Орал қ., «КазСанАудит» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4) Ақтөбе қ., «ГидроЭкоРесурс-L» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
4. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1455-ОД 16.11.2023 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

