Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 46 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін және ЕАЭО сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне енгізілсін:
1) Шымкент қ., «AUTO KMK» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
2) Алматы қ., «Сапа сертификаттау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
3) Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, «Nomad Auto Lab» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы.
2. «Национальный сервисцентр сертификации» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасының орналасуын: Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылдық округі, Байсерке ауылы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 24-учаске, А литері жаңа нақты мекенжайға; Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Наурызбай көшесі, 7А үй жана заңды мекенжайға өзгеруіне байланысты 02.10.2024 жылғы № KZ.T.04.2763 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін, сондай-ақ ЕАЭО сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміндегі мәліметтерді жаңартылсын.
3. «ҰАО» РМК-ның Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен постаккредиттеу шарттарын жасасын.
4. «ҰАО» РМК-ның Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
5. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 3-тармағын аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа, 4 және 5 - тармақтарының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
