Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 03 қарашадағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 673 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Жалын «НПТЦ» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
2) «Көлік құралдарын сараптау орталығы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
3) «Смарт Энергетика» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
4) «R. W. S. Wheelset» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Екібастұз қ.
2. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ң «Углесервис» мамандандырылған шахтомонтаждық құрастару-жөндеу тексеру зертханасының, Теміртау қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
3. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты «СейсмоСтройЗащита» ЖШС-ң сынақ зертханасының, Алматы қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Мекенжай атауының өзгеруіне байланысты «ДСК Приоритет» ЖШС-ң сынақ зертханасының, Орал қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
6. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

