«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау департаменті аккредиттеу аттестаттарының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін:
1) 28.03.2023 жылғы № KZ.Т.01.1315 «ЭКОС» ЖШС сынақ зертханасының 2025 жылғы 02 сәуірге дейін;
2) 27.08.2019 жылғы № КZ.О.01.0984 «Центр сертификации и экспертизы «ТЕСТ» ЖШС өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органың «жеңіл өнеркәсіп өнімдері» бөлігінде 2025 жылғы 09 сәуірге дейін.
2. Тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары А. М. Хасеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

