Алматы қ., «Т-Стандарт» ЖШС сынақ орталығының табиғи радионуклидтердің меншікті тиімділігін анықтау бойынша аккредиттеу саласының бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы.
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және 2022 жылғы 03 қарашадағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 32-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Т-Стандарт» ЖШС сынақ орталығының 2019 жылдың 09 тамызында берілген № KZ.T.02.0519 табиғи радионуклидтердің меншікті тиімділігін анықтау бойынша аккредиттеу саласының бөлігін уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

