Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 6 ақпандағы № 22; № 23; № 24; № 26; № 27; № 28; №
29; № 30; № 41 және № 42 хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2023 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың медициналық зертханалары аккредиттелсін:
1) Алматы қ., «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасының
«КДЛ ОЛИМП Алматы» ЖШС-ның медициналық зертханасы;
2) Орал қ., «КазСанАудит» ЖШС-ның бактериологиялық зертханасының медициналық зертханасы.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Макинск қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Бұланды аудандық бөлімшесінің Ақмола облысы бойынша сынақ орталығы;
2) Астана қ., «КСТ-ПАРАДИГМА» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
3) Астана қ., «ЦЕНТР ЛАБОРАТОРИЯ KZ» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
4) Астана қ., Астана қаласы әкімдігінің «АСТАНА СУ АРНАСЫ» ШЖҚ МКК-ның сынақ зертханасы;
5) Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, «Солтүстік Бозашы» кен орны, «BUZACHI OPERATING LTD» «(БУЗАЧИ ОПЕРЕЙТИНГ ЛТД)»
компаниясы филиалының сынақ зертханасы;
6) Тараз қ., Жамбыл облысы бойынша ҚР ДСМ санитарлық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ зертханасы;
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Астана қ.,
«Казстройсистема» сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Павлодар қ., «Алюминий Казахстана» АҚ-ның калибрлеу зертханасы;
2) Алматы қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
«Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық- эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының сынақ орталығы;
5. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты Алматы қ., «ИНЖЕНЕРНЫЕ СЕТИ ТС» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
6. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар», ҚР СТ ISO 22003-1-2023 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі 1-бөлім Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйелеріне аудитті және сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын талаптар» стандартына өтуіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Астана қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орталық органның;
2) Алматы қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалының менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
3) Алматы қ., «АЛМАТИНСКОЕ БЮРО ПО СЕРТИФИКАЦИИ»
ЖШС-ның менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
4) Талдықорған қ., «Талдықорған сертификаттау және сараптама орталығы» ЖШС-ның менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның.
7. «ҰАО» РМК экономика, жоспарлау және ішкі аудит басқармасы осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. «ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
9. «ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Б. Копабаевке жүктелсін.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

