«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 27 қыркүйектен 2026 жылғы 27 желтоқсанға дейін ұзартылсын:
1) Батыс Қазақстан облысы, «БатысМунайСтрой» Сервистік компаниясы» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.09.E0545 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., «Өнімдер, қызмет сертификаттау орталығы» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.O.02.E0545 аккредиттеу аттестаты;
3) Ақтау қ., «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы өлшеу құралдарын дәлдеу және метрологиялық қамтамасыз ету учаскесінің салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.01.E0549 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 27 қыркүйектен бастап туындайтын қатынастарға таралады.
