Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 01 қарашадағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 655 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Дефкон» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
2) «ТехТоргСнаб» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Павлодар қ.;
3) «ТопФрейм Қазақстан» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Көкшетау қ.;
4) «Mobile Inspection Kazakhstan» ЖШС-ң мобильді сынақ зертханасы, Орал қ.;
5) «Ескерт Кызмет Ратледж» ЖШС-ң бұзылмайтын бақылау сынақ зертханасы, Атырау қ.
6) «Инновациялық Энергоцентр» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Көкшетау қ.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты «ОРДА-ЭкоМониторинг» ЖШС-ң сынақ зертханасының, Қызылорда қ., Шымкент қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы, Қызылорда қ.;
2) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Талдықорған филиалының өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Талдықорған қ.;
3) «Эко-аналит» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Нұр-сұлтан қ.
4. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Ekspert Group» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Орал қ.;
2) «Астанаспецконтроль» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Астана қ.
5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
6. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

