Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 45 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Астана қ., «SafeZone» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
2) Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылдық округі, Тұздыбастау ауылы, «НИИ ГО, ПБ и РХБЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
3) Алматы қ., «Научный аналитический центр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
4) Тараз қ., «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жамбыл су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының сынақ зертханасы;
5) Алматы қ., «CLM Center» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасы;
6) Ақтөбе қ., Орал қ., Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе филиалының салыстырып тексеру зертханасы.
2. ҚР СТ ISO 15189-2023 «Медициналық зертханалар Сапасы мен құзыреттілігіне қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Астана қ., «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық зертханалар орталығы аккредиттелсін.
3. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімдерді, процестерді және қызметтерді сертификаттайтын органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Алматы қ., «ҚазОңтүстікқұрылыссертиф» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
2) Астана қ., «SAPA-A" фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органы.
4. ГОСТ ISO/IEC 17024-2014 «Сәйкестікті бағалау. Персоналды аттестациялауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Ақсай қ., «Батыс өңдіріс-құрылыс сервисі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
5. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты, Алматы қ., «Ренессанс плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылжымалы экологиялық зертханасының 07.09.2023 жылғы № KZ.Т.02.2569 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
6. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты, Павлодар қ., «Алюминий Казахстана» акционерлік қоғамының орталық зертханасының 24.06.2024 жылғы № KZ.T.14.0283 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
7. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің Ақтау қаласы, 4а ш.а., 48 ғимарат, «Ата-Мұра» бизнес-орталығы, 301кеңсе жаңа нақты мекенжайға өзгеруіне байланысты «Оқыту өндірістік орталығы «Шам-Шырақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасың 30.12.2021 жылғы № KZ.T.13.E0721 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
8. Аккредиттеу субъектісінің заңды мекенжайының Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Чайковский көшесі, 9 үй өзгеруіне байланысты: «QC-Services» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасының (жылжымалы) 10.02.2022 жылғы № KZ.T.02.E0826 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
9. ЕАЭО сәйкестігін бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне келесі аккредиттелген субъектілерді енгізу жөніндегі мәліметтерді өзектендіру:
1) Алматы қ., «ҚазОңтүстікқұрылыссертиф» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
2) Астана қ., «SAPA-A" фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органы.
10. ЕАЭО сәйкестікті растау жөніндегі органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіне Алматы қ., «Научный аналитический центр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы енгізілсін.
11. «ҰАО» РМК-ның Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1-4 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен постаккредиттеу шарттарын жасасын.
12. «ҰАО» РМК-ның Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
13. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
14. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 11-тармағын аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа, 12 және 13 - тармақтарының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
15. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
