«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2022 жылғы 27 қазаннан 2023 жылғы 27 қаңтарға дейін ұзартылсын:
1) Қостанай қ., «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтының тамақ өнімдерін өндіру сынақ зертханасының № KZ.T.11.1949 аккредиттеу аттестаты;
2) Қаскелең қ., «КДЛ ОЛИМП» ЖШС Алматы филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасының Қарасай бөлімшесі» медициналық зертханасының № KZ.М.04.1958 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2022 жылғы 27 қазаннан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

