Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 24-3-23/2301-И тапсырмасы; «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК-ның 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 22/14069-И түсіндірмесі; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Скляр Р.В. төрағалығымен өткен кеңестің хаттамасының 5 тармағының және 2024 жылғы 5 қарашадағы № 68-О аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссияның хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі ұйымдардың жылжымалы және мобильді сынақ зертханаларының аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын:
1) Алматы қ., «DCert company» ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасының 05.06.2024 жылы берілген № KZ.T.02.2707 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., «Илияс и К» ЖШС-ң мобильді сынақ зертханасының 22.07.2024 жылы берілген № KZ.T.02.2721 аккредиттеу аттестаты;
3) Алматы қ., «Qolik sertif Almaty» ЖШС-ң мобильді сынақ зертханасының 10.02.2022 жылы берілген № KZ.T.02.Е0820 аккредиттеу аттестаты;
4) Алматы қ., «QazTransCert» ЖШС-ң мобильді сынақ зертханасының 03.11.2023 жылы берілген № KZ.T.02.2596 аккредиттеу аттестаты;
5) Алматы қ., «Юг Моторс групп» ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасының 15.01.2024 жылы берілген № KZ.T.02.2630 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілеріне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

