Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) 2024 жылғы 5 қарашадағы № 270, № 280 және № 282 Комиссиясының хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO/IEC 17029-2020 «Сәйкестікті бағалау. Валидация және верификация органдарына қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар» және ҚР СТ ISO 14065-2022 «Қоршаған орта туралы ақпаратты валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы қағидаттармен талаптар» талаптарына сәйкес Тараз қ., «Экологический центр инновации и реинжиниринга» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Алматы қ., «ALLIANCE LCC» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Теміртау қ., «КазЭнергоУчет» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
3) Қарағанды қ., «TechService 2006» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
4) Алматы қ., «Т-Стандарт» ЖШС-ң сертификаттау сынақ орталығы;
5) Павлодар қ., «КазТранс-Тахограф» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
6) Астана қ., «АСТАНИНСКИЙ ВЕСОВОЙ ЗАВОД» салыстырып тексеру зертханасы.
3. Аккредиттеу субъектісінің атауы өзгеруіне байланысты Өскемен қ., Риддер қ., Алтай қ., «Казцинк-Автоматика» өнеркәсіптік кешенінің «Казцинк» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасынан / Өскемен қ., Риддер қ., Алтай қ., «Казцинк» ЖШС-ң цифрлық технологиялар және сервис кешенінің салыстырып тексеру зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдастырылуына байланысты Қарағанды қ., «Қарағанды медицина институты» КЕАҚ-ң сынақ зертханасынан / Қарағанды қ., «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» КЕАҚ-ң сынақ зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. «ҰАО» РМҚ Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
6. «ҰАО» РМҚ Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
7. «ҰАО» РМҚ Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет- ресурста орналастырсын.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
