Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының
5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аршин» ЖШС инспекциялық органның 06.03.2023 жылғы № KZ.I.01.2477 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «Almaty Auto KZ» ЖШС сынақ зертханасының 28.03.2023 жылғы № KZ.T.02.2493 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментіне үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
4. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

