Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2021 жылғы 30 желтоқсандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 78 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес сынау және калибрлеу зертханалары аккредиттелсін:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ орталықтары:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы РМҚК Қарағанды облысы бойынша «Сот сараптамалары Институты» филиалының сынақ зертханасы (орталығы), Қарағанды қаласы;
«ALS Казгеохимия» ЖШС «ALS Караганда» сынақ зертханасы, Қарағанды қ.;
«Өнеркәсіпке жәрдемдесудің қазақстандық институты» ЖШС сынақ / мобильді зертханасы, Қарағанды қ.;
1.2. Келесі ұйымдардың калибрлеу зертханасы:
«СКАЙЛЕС» ЖШС калибрлеу зертханасы;
Атырау филиалының «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ калибрлеу зертханасы, Атырау облысы.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«Қазақстан сертификаттау» ЖШС сынақ зертханасы,Қарағанды қ.;
«Компания Сателлит» ЖШС жылжымалы сынақ зертханасы, Атырау қаласы;
2.2. Мекен-жайының атауы өзгеруіне байланысты «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы сынақ зертханасына Көкшетау қаласы, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалының Көкшетау қаласы.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталыгы) құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
4. Ұлттык аккредиттеу орталыгы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 142-ОД 31.12.2021 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

