«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау департаменті аккредиттеу аттестаттарының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін:
1) 29.09.2023 жылғы № KZ.T.01.0210 сынақ орталығының «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Астана филиалының 2025 жылғы 23 сәуірге дейін;
2) 18.11.2019 жылғы № KZ.P.03.0411 салыстырып тексеру зертханасының «ҰК ҚТЖ «Магистральдық желінің Ақмола бөлімшесі - «Курорт-Бурабай сигнал беру және байланыс қашықтығы» АҚ филиалының 2025 жылғы 15 сәуірге дейін;
3) 18.11.2019 жылғы № KZ.P.03.0280 салыстырып тексеру зертханасының «ҰК ҚТЖ «Магистральдық желінің Ақмола бөлімшесі - «Көкшетау электрмен жабдықтау қашықтығы» АҚ филиалының 2025 жылғы 15 сәуірге дейін.
2. Тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

