Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 29 қазандағы № 348 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Altezza» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2023 жылғы 17 қарашадағы № KZ.P.02.2120 аккредиттеу аттестаты қайта жаңартылсын.
2.«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3.«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК Бас директорының орынбасары А.О. Мамбетаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

