Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) 2024 жылғы 31 қазандағы № 271 және № 272 Комиссиясының хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Орал қ., «КДЛ ОЛИМП» ЖШС Батыс Қазақстан филиалының «ОЛИМП» КДЛ медициналық зертханасы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
- Павлодар қ., «Metrology Group KZ» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
- Павлодар қ., «Metrology Group KZ» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы;
- Атырау қ., «Орда Эксперт» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
- Ақтау қ., «Мунайтелеком» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
- Ақтөбе қ., «GLOBAL STANDART INC» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы;
- Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, С. Көктау, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
- Көкшетау қ., «Көкшетау Жолдары» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
- Қостанай қ., «СЖС КАЗАХСТАН ЛТД» ШК ЖШС-ң сынақ зертханасы;
- Шымкент қ., «ЭНЕРГОСЕРВИС ЭТЛ» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
- Қарағанды қ., «ЭКОНУС» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Орал қ., «Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ, аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Аккредиттеу субъектісінің қысқаруына байланысты Орал қ., «Munai Gas Engineering» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. «ҰАО» РМҚ Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
6. «ҰАО» РМҚ Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
7. «ҰАО» РМҚ Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

