Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 16 қыркүйектегі № 44 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Абай облысы, Жарма ауданы, Әуезов кенті, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
2) Шымкент қ., «Құрылыс Сапа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы.
2. ҚР СТ ISO/IEC TS 17021-10-2019 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Астана қ., «Центр сертификации «Астана Менеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
3. ҚР СТ ISO 15189-2023 «Медициналық зертханалар Сапасы мен құзыреттілігіне қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Өскемен қ., Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны медициналық зертханасы аккредиттелсін.
4. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
1) Астана қ., «Kamkor Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасының 06.10.2021 жылғы № KZ.T.01.E0577;
2) Астана қ., «Callab» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасының 30.09.2025 жылғы № KZ.P.01.2347 аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін.
5. Орал қаласы, Орманшы көшесі, 4/1 үй, жаңа нақты мекенжайы мен Орал қаласы, 8 наурыз көшесі, 148 үй, 1-кеңсе, жаңа заңды мекенжайына ауысуына байланысты «North Caspian Inspection Company-NCIC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасының 01.06.2023 жылғы № KZ.T.09.2531 аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. Алматы қ., Жетісу ауданы, Рысқұлов көшесі, 61 үй, жаңа нақты мекенжайына ауысуына байланысты «Tahograf KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасының 03.07.2025 жылғы № KZ.P.02.2915 аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. «ҰАО» РМК-ның Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1, 2, 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен постаккредиттеу шарттарын жасасын.
8. «ҰАО» РМК-ның Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
9. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 7-тармағын аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа, 8 және 9- тармақтарының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
11. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

