«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 22 қыркүйектен 2026 жылғы 22 желтоқсанға дейін ұзартылсын:
1) Өскемен қ., «Қамқор Вагон» ЖШС «Өскемен вагон жөндеу депосы» филиалының бұзбай бақылау сынақ зертханасының № KZ.T.07.E0548 аккредиттеу аттестаты;
2) «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ Түркістан филиалының сынақ орталығының № KZ.T.16.E0580 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 22 қыркүйектен бастап туындайтын қатынастарға таралады.
