Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның
2025 жылғы 28 қазандағы № 37-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Атырау қ., «Teslatan» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2022 жылғы 05 мамырдағы № KZ.P.06.E0970 және калибрлеу зертханасының 2022 жылғы 05 мамырдағы № KZ.K.06.E0969 аккредиттеу аттестаттары кері қайтарып алынсын.
2.«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3.«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияның хатшылығы аккредиттеу аттестатының күшін жою туралы шешімнің көшірмесін жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектісіне жіберсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК Бас директорының орынбасары А.О. Мамбетаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

