Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 42 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Атырау қ., «Комплексный испытательный центр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
2) Қарағанды қ., «QRG Standart» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
3) Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, «Kamkor Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
4) Петропавл қ., «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы;
5) Талдықорған қ., «САРША Испытательная лаборатория» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
6) Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Белоусовка ауылы, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шығыс Қазақстан филиалының сынақ зертханасы;
7) Алматы қ., «Трест Средазэнергомонтаж» акционерлік қоғамының сынақ зертханасы;
8) Қарағанды қ., «Центргеоланалит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ орталығы;
9) Астана қ., «Исследовательский центр «ANALYSIS AND PROSPECTS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылжымалы сынақ зертханасы;
10) Қарағанды қ., «Метрологсертстандарт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасы;
11) Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы., «Қамқор Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Ақтөбе локомотив жөндеу депосы» филиалының салыстырып тексеру зертханасы.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Алматы қ., Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы және Аматы облысы бойынша филиалының салыстырып тексеру зертханасының 16.07.2026 жылғы № KZ.P.02.3150 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты, Жаркент қ., «PROExpertAuto» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасының № KZ.T.20.2766 от 17.10.2024 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
4. Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Опытное поле ауылы, «Шығыс-Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ орталығының атауы: «Шығыс-Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ орталығы жаңа атауына өзгеруіне байланысты, 30.09.2025 жылғы № KZ.T.07.2325 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
5. ЕАЭО сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне келесі ұйымдар енгізілсін:
1) Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, «Kamkor Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
2) Талдықорған қ., «САРША Испытательная лаборатория» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
3) Қарағанды қ., «Центргеоланалит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ орталығы;
4) Ақтөбе қ., «Gaz Equipment Safety» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инспекциялық органы (05.06.2024 жылғы № KZ.I.05.2704 аккредиттеу аттестаты).
6. Алматы қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Акционерлік қоғамының Алматы филиалының калибрлеу зертханасының 13.07.2022 жылғы № KZ.K.02.E1193 аккредиттеу аттестатына қосымша болып табылатын өлшемдердің 01 түрі бойынша аккредиттеу саласының уақытша жарамсыз деп танылған бөлігі жаңартылсын
7. «ҰАО» РМК-ның Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1, 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен постаккредиттеу шарттарын жасасын.
8. «ҰАО» РМК-ның Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
9. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 7-тармағын аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа, 8 және 9- тармақтарының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
11. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

