Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі жанындағы Х. Сүлайманова атындағы Республикалық сот сараптамасы орталығы сынақ зертханасының 2020 жылғы 23 маусымдағы № KZ.T.00.2341 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «СтройДевелопмент» ЖШС сынақ зертханасының 2021 жылғы 05 наурыздағы № KZ.T.01.1625 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. «Противопожарная безопасность» ЖШС сынақ зертханасының 2020 жылғы 16 шілдегі № KZ.T.05.1604 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
4. «Казлабсервис» ЖШС медициналық зертханасының 2019 жылғы 27 тамыздағы № KZ.M.11.2254 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
5. «Алматинское Бюро по Сертификации» ЖШС өнімнің, процестің, көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі орган 2020 жылғы 07 тамыздағы № KZ.O.02.0992 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
6. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
7. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

