Атырау қ., «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраудағы филиалының ғылыми зертханалық зерттеулер орталығының аккредиттеу саласының өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфераға шығарындылары бойынша бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
3-1 тармақшасына сәйкес және 2021 жылғы 27 желтоқсандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 76-о хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Атырау қ., «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраудағы филиалының ғылыми зертханалық зерттеулер орталығының 2021 жылдың 27 тамызда берілген № KZ.T.06.E0524 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфераға шығарындылары бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

