«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 17 қыркүйектен 2026 жылғы 17 желтоқсанға дейін ұзартылсын:
1) Петропавл қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.15.E0535 аккредиттеу аттестаты;
2) Астана қ., Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.01.E0520 аккредиттеу аттестаты;
3) Алматы қ., «KAZAUTOCERT» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.O.02.E0533 аккредиттеу аттестаты;
4) Астана қ., Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК калибрлеу зертханасының № KZ.K.01.E0519 аккредиттеу аттестаты;
5) Көкшетау қ., «Каз Агро Сараптама» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.03.E0540 аккредиттеу аттестаты;
6) Өскемен қ., «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің сынақ зертханасының № KZ.T.07.E0536 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 17 қыркүйектен бастап туындайтын қатынастарға таралады.

