«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 24 қазаннан 2025 жылғы 24 каңтарға дейін ұзартылсын:
1) Астана қ., «Астанақұрылыссервис» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.01.0438 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., «ОТАН-СЕКЬЮРИТИ» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.0501 аккредиттеу аттестаты;
3) Семей қ., «КДЛ ОЛИМП» ЖШС Абай филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасының № KZ.M.17.2278 аккредиттеу аттестаты;
2. Екібастұз қ., «Казахстанский центр сертификации на железнодорожном транспорте» ЖШС сынақ орталығының № KZ.T.14.1507 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 29 қазаннан 2025 жылғы 29 каңтарға дейін ұзартылсын.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
4. «ҰАО» РМК Цифрландыру департаменті осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары А. Хасеновқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
